Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда халық...

Қазақстанда халық саны 18 миллионға жуықтады

«2017 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 17 994,2 мың адамды құрады. соның ішінде қалалықтар — 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар — 7 649,1 мың адам. 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға немесе 1,4 процентке өсті», делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде 121,5 мың бала дүниеге келген. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 7,4 процентке кем.

Ағымдағы жылдың 4 айында республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9 мың адамға немесе 10,4 процентке кеміп, 77,2 мың адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны — 44,3 мың адам. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,5 процентке кем.

Ал биыл қаңтар-сәуір айында 376 мың адам елге келіп, 377 мың адам елден кетті.

ДереккөзInform.kz