Вице-министрдің айтуынша, ең көп жалақы алатын өңірлер Атырау мен Маңғыстау облыстары. Онда жалақы мөлшері 250 теңгеден асады. Ең төменгі жалақы алатындарға 100 мың теңдеген төмен табатын СҚО мен Жамбыл облыстарының тұрғындары енгізілді.
Кәсіп түрі бойынша, ең көп жалақы ұшқыштарда, мұнайшылар мен шахтер және құрылысшыларда. Ең аз жалақы мұғалім, медбике, зоотехник пен балабақша тәрбиешілерінде.
«Жалпы жалдамалы жұмыскерлердің 1/3-і айына 100 мың теңгеден көп алады. Ал 100 адамға дейін жұмыс істейтін шағын мекелердегі қызметкерлер орташа есеппен айына 134 мың теңге алады», — дейді министр орынбасары.
Оның айтуынша, Қазақстанда қазір 13 млн ересек адамның 9 млн-ы — еңбекке қабілетті жандар. Соның ішінде 70,5%-ы жалдамалы жұмыскерлер болса, 24,5%-ы өзін өзі жұмыспен қамтушылар, қалған 5%-ы жұмыссыз. Министр орынбасарының мәліметінше, республикадағы жұмыскерлердің 63,2%-ы қызмет көрсету саласында, 20,6%-ы өнеркәсіп пен құрылыста, 16,2%-ы ауыл шаруашылығында.