Бұл сома соңғы бес жыл ішінде бес есеге өсті. 2019 жылы 1,1 трлн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ranking.kz порталының жазуынша, бір адамға тегін медициналық көмек көрсету үшін жылына 52 мың теңге кетеді.
Ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру аясында 140 млн теңгеге тегін емдеу шаралары жүргізіледі. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 331 млрд теңге, 2019 жылы 337 млрд теңге болмақ.
Биылғы жылдың соңында міндетті медициналық сақтандыру Қорына 662,2 млрд теңге аударылуы тиіс.
Өткен жылы ел тұрғындарын дәрілермен қамтамасыз етуге арналған қаражат 21 процентке өсіп, барлығы 86,5 млрд теңге жұмсалды. Биыл бұл сома тағы 8 процентке артып, 93,7 млрд теңгеге жеткізіледі.
Тегін медициналық көмектің жартысы қанайналым жүйесі, қатерлі ісік аурулары мен өмірге бала әкелу сынды шараларға бөлінеді. Себебі, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында елдің демографиясына әсер ететін ауруларға баса назар аударылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру іске қосылады. Жұмыс берушілер жұмысшыларының жалақысының 1 процентін, 2018 жылдан бастап 1,5 процентін, 2020 жылдан — 2 процентін, 2022 жылдан ары қарай 3 процентін медициналық сақтандыру Қорына аударатын болады. Ал, жұмысшылар 2019 жылы жалақыларының 1 процентін, 2020 жылдан бастап 2 процентін аударады.