Медициналық сақтандыру жарнасын төлемегендерге қандай шара қолданылады?

Медициналық сақтандыруды төлемей, бұл заң бұзушылықты бір жыл ішінде қайталаған жандарға әкімшілік айыппұл салу қарастырылған.

Медициналық сақтандыру

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жоспарлау және медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Ерік Байжүнісовтың айтуынша, сәйкес, елде тұратын барлық азаматтар медициналық сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті. ОЛ«Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңында көрсетілген.

Ал, ҚР «Әкімшілік заң бұзушылықтар кодексінің» 92-1 бабына сәйкес, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жекеменшік сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар МӘМС жарнасы мен аударымдарын төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамай, оларды мүлде аудармай немесе дер кезінде аудармай, толық төлемеген жағдайда оларға ескерту жасалады. Ал ол бір жыл ішінде қайталанса, әкімшілік айыппұл салынады.

Ерік Байжүнісов жарна салық түрі саналатынын айтады. Оны қасақана төлемеген азаматтарға салықты төлемегенде қарастырылған жауапкершілік артылады.

Сақтандыру жарнасын бірден бір жылға немесе ай сайын төлеп отыруға болады. Жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап төмендегі мөлшерде жарна төлей бастайды:

2017 жылдың 1-шілдесінен бастап – әр жұмыскердің табысының 1%,
2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 1,5%,
2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 2%,
2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 3% көлемінде.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап жеке кәсіпкерлер екі ең төменгі жалақының 5 пайызы көлемінде жарна төлейді.

Халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігі төлейтін ай сайынғы жарна – ең төменгі жалақының 5 пайызын құрамақ. Олар 2018 жылдың қаңтарынан бастап төлейді. Осы уақыттан бастап әлеуметтік жағынан аз қорғалған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Бұл санатта жұмыссыздар да бар.

Ал 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жұмыскерлер жалақысынан 1%, 2020 жылдан бастап 2% көлемінде жарна төлейді.

Айта кетейік, медициналық сақтандыру жүйесі Германия, Швейцариясияқты  Еуропа елдерінде жақсы дамыған.

ДереккөзBaq.kz