«Қара жорға» биі шетелдіктерді тамсандырды

Шараға шетелдік елшілер, Вьетнамның іскери әйелдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының өкілдері қатысты.

Кеш соңында қазақстандықтар жиналғандарға «Қара жорға» биін билеп берді. «Қара жорға» биінің қимылдары шетелдіктердің таңданысын тудырды.

Жапониядан келген қонақ Маюми Масудо жиындағы әсерімен бөлісті. «Мен бүгін Азия елдерінің тарихы мен мәдениетінің шексіздігіне, алуан түрлілігіне тәнтті болдым. Мен өзім үшін жаңа дүниелерді аштым. Маған әсіресе ұлттық ән мен би қатты ұнады» ,- деді ол.

I am Nomad

«Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз Вьетнамда тұратын біздің достарымызды ұлттық құндылықтарымызбен таныстыру. Өкінішке орай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері біз туралы біле бермейді», — деді Ханой Азия әйелдері клубының президенті Аида Ишеналиева.

ДереккөзInform.kz