Қазақстандық оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады

Жобаны жасауға бірнеше ай уақыт кеткен. Бағдарламасы тез жасалғанмен, 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық биге көндіру оңай болмапты. «Дегенмен талмай ізденіп, табандылық көрсеткенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болады», — дейді Әділ.

Әділ Ордаев, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:
— Роботты тек қана билеткізбей, оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде, әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек «Қара жорға» ғана емес, «Қамажай» билерін де билейді деген ойдамын.

Дереккөз24.kz