Исламның інжу-маржан асыл негіздерінің бірі – зекет беру парызы бойынша Сауд Арабиясына қарасты Қаттани ауылының азаматы Абдул Хамид Қаттанидің демеушілігімен бұл нысанның құрылысы 1995 жылы басталып, 1997 жылғы қарашада пайдалануға берілген. Содан бастап бұл ғимаратқа осы қайырымды жанның есімі берілді.

Абдул Хамид Қаттани
Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев

Құлшылық үйінің көлемі 845,5 шаршы метрді құрап, үлкен намаз оқу залы, Құран оқу бөлмесі, имам бөлмесі, найб имам мен баспасөз хатшысының бөлмесі сынды 7 бөлмеден тұрады. Ішкі сыйымдылығы 800 орындық болса, сыртымен қоса есептегенде 2000 адам бір уақытта намаз оқи алады.

Абдул Хамид Қаттани © Мақсат Шағырбаев
Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев

Ал, күмбезінің шеңбері 11, биіктігі 9, 60 сантиметр. 2006 жылғы шілде айында күмбез жаңартылып, алтын түстес сары металмен қапталған. Мұндай күмбезді мешіт елімізде үшеу:Елордамыздағы «Нұр-Астана», екіншісі Алматы орталық мешіті, үшіншісі Шымкенттегі осы «Абдул Хамид Қаттани» мешіті.

Абдул Хамид Қаттани © Мақсат Шағырбаев
Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев

Күмбездің тотықпайтын алтын түстес сары қаңылтыры балық қабыршығының көрінісін білдіретін өрнекпен өрнектелген. Күмбез ішіне «Фатиха» сүресі жазылып, бұған қосымша мешіт михрабының көрінісі бейнеленген. Михрабта «Аятул курси» сүресі өрнектелген.

Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев
Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев

Мұнда дінімізді насихаттау үшін арнайы кітапхана, дәрісхана бөлмелері жұмыс істейді. Бұдан бөлек, өмірден қажыған жандарға рухани көмек көрсету мақсатында «сабырлылық» бөлмесі ашылған.

Абдул Хамид Қаттани имам мешіті © Мақсат Шағырбаев
Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев

Алайда, ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу көрмеген құлшылық үйінің ішкі-сыртқы келбеті аздап ескіре бастаған болатын. Осыған орай, мешіт әкімшісі, бас имам Бақдәулет Әбдірахманов тек мешіттің ішкі бөлігін жөндеуге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан көмек сұраған еді.

Бас имам Бақдәулет Әбдірахманов
Бас имам Бақдәулет Әбдірахманов © Мақсат Шағырбаев

Бұл игілікті шаруаға білек сыбана кіріскен шаһар басшысы өз қаражатымен аталған нысанды іші-сыртымен қоса күрделі жөндеуден өткізіп беруге уәде еткен. Былтыр қазан айында басталған ризашылықты шаруаны  халық қалаулысы, белгілі кәсіпкер Әсет Қайыпбеков басшылық ететін «Сити-Строй» ЖШС жүргізіп, қасиетті Рамазан айында қала тұрғындарының игілігіне беріп отыр. Мешіт айналасы электр шамдармен жарықтандырылып, жеке жылыту газ қондырғысы орнатылған. Әрі, ауласында 100 автокөлікке лайықталған арнайы автотұрақ бар.

Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев
Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев

Мешіт артында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ислам дінін насихаттайтын, арнайы сараптаудан өткен кітаптар мен кітапшалар, қолөнер бұйымдары, ислами тұрғыдағы түрлі заттар сататын дүкендермен қатар, Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінің «Мұмтаз» кафесінің осындағы бір бөлімшесі жұмыс істейді.

Ғабидолла Әбдірахымов © Мақсат Шағырбаев
Ғабидолла Әбдірахымов © Мақсат Шағырбаев

Нысанның ішкі қаспетін әрлеуге Тәшкент қаласындағы (Тәшкент қаласында 70 мешіт бар) арнаулы мешіт безендірумен айналысатын ұсталар алдырылған. Айта кетерлігі, құлшылық үйінің ішіндегі ұлтымыздың бағызы ою-өрнектерін мешіт әкімшілігі өз тарапынан қостырған. “Бұл әуелі дін мен дәстүр сабақтастығы болса, екіншіден, Шымқалаға келген туристер үшін ұлттық дүние-танымды үгіттеу”, – дейді мешіт әкімшісі.

Құран © Мақсат Шағырбаев
© Мақсат Шағырбаев
Орамал © Мақсат Шағырбаев
© Мақсат Шағырбаев
Тәспі
© Мақсат Шағырбаев
Құран © Мақсат Шағырбаев
© Мақсат Шағырбаев

Қасиетті Жұма намазымен тұспа-тұс келген мешіттің қайта ашылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша мұсылмандарға Рамазан айындағы тұтқан ораза, еткен құлшылықтарына қабыл болуын тіледі. Игілікті шараға келген ҚМДБ-ның діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан қажы Тұрдыбаев, бас мұфти Ержан қажы Мәлқажыұлының құттықтауы мен “Алғыс хатын” табыс етті.

Бақдәулет Абдірахманов © Мақсат Шағырбаев
Бақдәулет Абдірахманов © Мақсат Шағырбаев

-Мешіт-Алла үйы. Мұнда тек ізгілікті, береке-бірлікті, жақсылықты дәріптеуіміз керек. Елбасымыздың ұстанған салихалы саясатын Хақ дінімізбен ұштастырып, пайғамбарымыз салған ақ жолдан ауытқымай елге, Отанға қызмет етуіміз қажет, – деді шаһар басшысы.

Бақдәулет Абдірахманов © Мақсат Шағырбаев
© Мақсат Шағырбаев

Шырайлы шаһарда күрделі жөндеуден өткен «Абдул Хамид Қаттани» мешіті түн шымылдығын түрісімен Тарауих намаз оқыған жамағатқа лық толуда. Алла үйінің тек сыртқы келбетімен ғана емес, жамағатымен көркем екендігін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Мешіт © Мақсат Шағырбаев
Мешіт © Мақсат Шағырбаев

“Мешіт – әлеуметтік орын. Ол – жұртшылыққа қолжетімді болуы керек”, -деген қала әкімінің ұсынысымен алдындағы қорған-қоршаулар түгелдей алынып, сауда-саттықпен айналысатын дүңгіршектерден аяқ алып жүргісіз мешіт айналасы бүгінде түгелдей аршылған.

Дәмхана © Мақсат Шағырбаев
Дәмхана © Мақсат Шағырбаев

Міне, салқын самал ескен Қошқар ата өзені жағалауындағы құлшылық үйінің төрт құбыласынан “Ля Иляха Иль-Аллах” деп Хаққа жүгінген жамағат жайнамазын алып, осында асығуда…

Мешіт © Мақсат Шағырбаев
Мешіт © Мақсат Шағырбаев

Фото: Мақсат ШАҒЫРБАЕВ,
Мәтін: Нұрбақ ЕДІГЕ.
Шымкент

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу