Ашық аспан астындағы кинотеатрда «Он и Она» фильмі көрсетіледі

Кинокөрсетілім қонақтарын жинау сағат 18:30-да басталады. Көрсетілім сағат 19:30-да басталады. «Он и Она» фильмінің көрсетілімі Алматы қаласының Ботаникалық бағында үйеңкі алаңында өткізіледі.

Шара ұйымдастырушылары жазғы кинотеатрға келушілерден өздерімен бірге жылы жамылғыларды, масалар мен жәндіктерден қорғануға арналған құралдарды алып келулерін сұрайды. Сонымен қатар, Ботаникалық бағының аумағында алкогольді сусындарды ішуге тыйым салынатынын ескертеді.

Фильмде Динара Бақтыбаева мен Жандос Айбасов басты рөлді сомдайды. Сондай-ақ, фильмге Азат Сейтметов, Асылхан Төлепов, Әнуар Нұрпейісов, Жанна Қуанышева және т.б. түскен.

Айта кету керек, «Он и Она» фильмі тек режиссер Сәкен Жолдастың ғана емес, Динара Бақтыбаеваның да дебюті болды. Аталмыш картинадан соң актрисаны түрлі жобаларға шақыра бастады. Олардың ішінде «Super Той», «Питерден келген оралман», «Желіде» толықметражды картиналары да бар.

«Киносад» жазғы кинотеатрының бас демеушісі әрі ұйымдастырушысы – Қазақстан Халық банкі аясындағы «Халық» қайырымдылық қоры. Сонымен қатар, аталмыш жобаға «Басты Ботаникалық бағының даму қоры» қоғамдық қоры, «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны КН ҚР БҒМ және «Бродвей» кинопорталы қолдау білдірді.

Келесі апталарда «КиноСад» кинотеатры көрермендерге екі танымал режиссердің картиналарын: Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасын және Ермек Тұрсыновтың «Кемпiр» комедиясын ұсынбақ.

ДереккөзBrod.kz