«Банк 2017 жылдың мамыр айында білім алуға қаражат жинаймын және мемлекеттен қосымша үстеме ақы аламын деген клиенттерден салымдарды қабылдай бастады. Банк ВТБ-да «Білім беру» салымына банктен сыйақы және жыл сайын 7%-ға дейінгі мөлшерде Мемлекет сыйақысы түсіп отырады, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасының орынбасары Николай Суганяка.
Осы арқылы кез келген қазақстандық азаматтың өзінің немесе баласының атына болашақта Қазақстанда не шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу ақысын төлеуге жұмсауға болатын жинақтау салымын аша алады.
Банк төрағасының орынбасары салымды ашуға қажетті бастапқы жарна 3 АЕК, яғни 6 807 теңге болатынын айтты.
Салымды мерзімінен бұрын мақсатына жеткізбей алатын жағдайда:
1) өз қаражаты;
2) банктің есептеген сыйақысы;
3) банктің мемлекет сыйлықақысына есептеген сыйлықақысы бірге алынады. Бірақ мемлекет сыйлықақысының сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылады.
Егер салымшы мемлекеттік грантқа ие болса, жинақтаған қорды мемлекет сыйлықақысымен бірге өз қалауынша жұмсай алады.
«ҚР заңнамасындағы өзгерістердің арқасында білім беру жинақтау салымдары – үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір тыйым салулар мен өндіріп алудан толық қорғалған, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретіндегі салықтан босатылған бірден бір депозит», – дейді «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ыбрайымов.
Қазіргі таңда МБЖЖ жүйесінде жалпы есеппен 11,5 млдр астам теңгеге білім беру жинақтау салымдарын ашқан 17 000-нан аса адам тіркелген. Төрт жылдың ішінде төленген мемлекет сыйлықақысының сомасы 897 миллионов теңгені құрайды.