Ұстаздардың жалақысы тағы да өседі

Биылғы жылы кәсіби стандарт жүйесі енгізіліп, артық ауыртпалық иықтан түспек. Яғни, жалақы категория бойынша беріледі.

Отырыста Ерлан Сағадиев өткен жылға көз жүгіртті. Атқарылған жұмыстарды тізбектеп, жеткен жетістіктерді баяндады. Соның бірі ұстаздар жалақысы төңірегінде болды. Айтуынша, алдағы уақытта мұғалімдердің қызметі санатқа бөлінеді. Айлықтары да соған орай көтерілмек. Бұл тұста еңбек өтілінің маңызды екенін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, мойынға жүктелген қосымша сағаттар қысқартылып, ретті жұмыс жасамақ.

«Барлығын бір жүйеге келтіріп, әркімнің қажетті деңгейде еңбекақы алуын қарастырып отырмыз. Оның ішіне мұғалім, тәрбиеші мен сынып жетекшілері бар. Осы тұста мектеп директорлары мен колледж басшылары да айлықтың өсуін сұрап отыр», — деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

ДереккөзBaq.kz