Басты бетБастыБалалар күнін...

Балалар күнін Алматыда қалай атап өтуге болады?

Республика сарайы

Республика сарайы

Мерекелік шараның салтанатты түрде ашылуы сағат 10:00 — 12:00 арасында өтеді. Бұл шараға қала әкімінің орынбасары С. Сейдуманов қатысады. Мерекелік концерттің ашылуы салтанатында әр ауданнан келген балалар өнер көрсетеді.

«Астана» алаңы

Астана алаңы

Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысындағы алаңда кешке халық серуені болады. Балалар мерекесінің алаңдағы ресми түрде ашылуы, Алматы қаласының әкімі құттықтауы да осы «Астана» алаңында өтеді. Сағат 19:30-дан бастап 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай гала-концерт ұйымдастырылады.

Көктөбе

Балалар мерекесі
«Көк төбе» паркінде Балаларды қорғау күніне орай жас таланттар фестивалі өтеді. Фестивальде балалардың музыкалық концерті, би флешмобтары, күлкілі аниматорлар мен сиқыршылар, байқаулар мен сыйлықтар, J Prashkevich-тің балалар дикотекасы, мерекелік от шашу мен үлкен торт және мерекелік шар ұшыру шаралары болады.

Республика алаңы

Республика алаңы

Алматыда маусымның 1-інде балаларды қорғау күніне орай балалар және жастар музыкалық оркестрінің парады өтеді. Парад Республика алаңында (Сәтпаев көшесінің бойындағы Фурманов пен Желтоқсан көшелерінің аралығы) сағат 11:00-де басталады. Кіру тегін.

Кітапхана

Кітапхана
С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында Алматының 1000 жылдығы мен кітапхананың 65 жылдық мерейтойының құрметіне «Балалық шақтағы кітаптар әлемі» атты шара өтеді.

Обсерватория

Жұлдыздар

Жұлдыздарға қатысты балалардың сұрағы таусылған ба? Көбіне оған ата-аналар жауап бере алмайды. Есесіне обсерватория балалардың да,і үлкендердің де сауалдарына жауап береді.Обсерватория көшесіндегі Астрофизикалық институтта небәрі 500 теңгеге «Жұлдыздарды тамашалау» шарасы өтеді.