Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 32-орында

Швейцарияның IMD бизнес мектебінің жасаған рейтингінде Қазақстан былтырғы 47-ші орыннан биыл 32 орынға бір-ақ көтерілді.

Тізімді жасауда төрт 4 категория бойынша 20 параметрмен есептейді. Қазақстан осы көрсеткіштердің барлығында алға жылжыған. Атап айтар болсақ, төрт категория: экономика көрсеткіші, үкіметтің тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылымның тиімділігі.

Ал жекелеген параметрлер 323 көрсеткіш бойынша есептеледі. Соның ішінде әлемдік ІЖӨ-ге үлесі, жанармай бағасы, капитал құнымен салыстырғанда салық деңгейі, мемлекеттік саясат ашықтығы мен шетелдік идеяларға ұлттық мәдениеттің ашықтығы.

Айта кетейік, әлгі рейтгте Ресей 46-шы орыннан көрінсе, Украина 60-шы орынға сырғыды.

Қазақстанның ілгері жылжуына әсер еткен бірден бір фактор «мемлекеттік қаржы» саласындағы оң өзгерістер. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 51-ші орыннан 4-ші орынға бір-ақ көтерілді. “Ішкі экономика” көрсеткішінен 40-шы орында.

Ал тізімнің көш басында екінші жыл қатарынан Гонконг орналасқан. Одан кейін Швейцария мен Сингапур. Төртінші орында АҚШ. Бесінші орын Нидерландыға тиесілі.

ДереккөзNaryk.kz