Ермек Тұрсынов

XX ғасырдағы киносеріктеске арналған фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» және «Тұрсынов фильм» ЖШС киностудияларымен түсіріледі. Жобаның продюсері – Қанат Төребаев.

«Киномеханик» кинотаспасы Ұлы Отан соғысы кезінде бір ер азаматты құтқарып қалған сарбаз туралы баяндайды. Аман қалған азамат сарбазға сыйлық ретінде кинопроекторды ұсынады. Кейіпкер сол уақыттан бүгінгі күнге дейін киноаппараттан бір елі ажырамайды. Ел аралап, әлемді жақсы жаққа қарай өзгерту мақсатымен ескі фильмдерді көрсетіп жүреді.

Ермек Тұрсынов бұл картинаның идеясын басты рөлді сомдауы тиіс болған марқұм актер Меңтай Өтепбергенов ұсынғанын жасырмады. Бірақ, актер кинодағы алғашқы басты рөлін сомдай алмай, ұзақ науқастан соң 2016 жылы дүниеден озды.

Авторлар жаңа кастинг ұйымдастырып, басты рөлдерге Мұрат Мұқажанов пен Қуат Төлеубаевты таңдады. Фильмге қазақстандық актерлардан бөлек, ресейлік актриса Нина Усатова да қатысады деп жоспарлануда.

Соғыс эпизодтарының түсірілімі былтырғы жылдың желтоқсан айында Будапештте, Венгрияда өткен.

Ал негізгі көріністер 31 мамырда Алматы облысында, Жаркент қаласының маңында түсірілетін болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!