«Алтай» Азия Чемпионатының жартылай финалына шықты

Енді 30 мамыр күні «Алтай» волейбол командасы Жапонияның «Хисамицу Спрингс» команасымен кездеседі.

«Бүгінгі жеңіс бізге оңай келмеді. Әр күнгі жеңіс сайын біз көздеген мақсатымызға жақындап келеміз, – деді «Алтай» волейбол клубының капитаны Инна Матвеева.

Сыйымдылығы 4 мыңнан астам адам болатын Чемпионат өтіп жатқан Б. Александров атындағы спорт сарайына «Алтай» ойыншыларын қолдау үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметов те келді.

Естеріңізге сала кетсек, 25 мамырдан бастап ШҚО-да волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Азия континентінен 8 команда қатысқан Чемпионатта ел намысын «Алтай» волейбол командасы қорғауда.

ДереккөзBaq.kz