Қостанай облысының Лисаковск қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып, қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға болған күні бір топ кәмелетке толмаған жасөспірім су айдынының маңында болған. Болжам бойынша, жүзе білмейтін жасөспірім достарымен бәстесіп, суға секірген.
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті баланың қаза болғанын растады.
Лисаковск қаласында Тобыл өзенінде 2011 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен, – деді ТЖ жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Инеш Какимова.
Оқиғаға байланысты мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият қарауға және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуге шақырды.

