Не болды?
2026 жылғы негізгі ҰБТ басталғалы тестілеуге шамамен 92 мың талапкер қатысты. Тест тапсырушының 71%-ы емтиханды қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде тапсырса, 164 адам ағылшын тілін таңдаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинаған. Орташа нәтиже – 63 балл. Қазір ең жоғары көрсеткіш – 138 балл.
Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 235 талапкер де қатысқан. ҰБТ ережеcін бұзған 178 талапкердің нәтижесі күшін жойды. Оның ішінде 103 адам тыйым салынған заттарды алып кіруді көздеген. Бұл талапкерлерге тестілеуге қатысуға рұқсат берілмеді. Емтихан барысында тәртіп бұзған 75 талапкер аудиториядан шығарылды.
Министрліктің мәліметінше, бөтен адамның орнына тест тапсыру деректері тіркелмеген. Негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады. Биыл тестілеуге қатысуға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Екі мүмкіндік қоса есептегенде, қабылданған өтініштің жалпы саны 446 мыңнан асты.
Контекст
Естеріңізге салайық, Малайзияның жоғары білім министрлігі ҰБТ сертификатын ресми түрде таныды.

