Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Илон Маск Марсқа 1 миллион адамға қоныс салуды жоспарлап отыр

Фото: 3dnews.ru

Не болды?

Илон Масктың SpaceX компаниясы Марсты игеруге шындап кірісіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Bloomberg басылымының мәліметіне қарағанда, SpaceX басшысы ғарышта дата-орталық пен Марста қоныс салса, қосымша акцияға ие болады. Бұл туралы миллиардердің АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржа комиссиясына тапсырған жаңа құжатында жазылған.

Биыл қаңтарда SpaceX директорлар кеңесі Илон Маскқа Class B санатындағы 1 миллиард арнайы акциясын берген. Бұл акция 15 кезең бойынша табысталады. Алайда сыйақыны алу үшін компания екі ірі межеге жетуі керек:

  • SpaceX-тің нарықтағы құны 7,5 триллион долларға жетсе;
  • Марсқа кемінде бір миллион тұрғын тұрақтаса, акция табысталады.

Масктың SpaceX-тегі үлесі қандай?

Қазірдің өзінде Маскта SpaceX-тегі дауыс беру құқығының 85,1%-ы бар. Кәсіпкер компанияның ғарышқа қатысты, жасанды интеллектіге және спутниктік жобасына бақылау жүргізетінін көрсетеді.

Былтыр Маск қазіргі және бұрынғы қызметкерлерінен 1,4 миллиард доллар SpaceX акциясын сатып алып, компаниядағы үлесін тағы да арттырған.2025 жылғы қарашада тағы 302,1 миллион тәуелді акцияны алған.

Илон Маск: Қызыл ғаламшарды игеруге болады

Маск Қызыл ғаламшарды игеруге болатынына сенеді. Жоспар бойынша, 2026 жылдың соңына қарай бес Starship кемесі Марсқа аттанады. Ал 2027-2028 жылы алғашқы лек жіберілуі мүмкін. Кәсіпкер 2050 жылға қарай Марста бір млн адам тұрақты өмір сүретін деңгейге жетеді деп жоспарлап отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, OpenAI-мен дауласқан Илон Маск сотта жеңіліп қалған еді.

Exit mobile version