Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматы облысында Ан-2 ұшағы тауға апатты жағдайда қонды

Фото: Depositphotos.com
Алматы облысының таулы аумағында Ан-2 ұшағы қону кезінде зақымданды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кадрлардан әуе кемесінің тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына қонғанын көруге болады. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған. Жақын маңда әуежай жоқ.

Көлік министрлігі бұл жағдайды авиациялық оқиға ретінде тіркегенін растады.

UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесімен болған оқиға адам шығыны жоқ авиациялық авария ретінде тіркелді. Оны көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексереді, — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары басталып кеткен. Оқиға орнына маман жіберілген. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ.

Exit mobile version