Қазақстан ТМД елдері арасында жаһандық бедел индексі бойынша көшбасшылардың бірі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан 197 елдің ішінде 69-орынға тұрақтады
CEOWORLD мәліметінше, Қазақстан 2026 жылғы ұлттық беделдің жаһандық индексінде 197 елдің ішінде 69-орынға тұрақтады. Еліміз 100 мүмкін ұпайдың 66,62-сін жинап, Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ал ТМД елдері арасында екінші орын алды.
Ал ТМД-дағы ең жоғары жаһандық бедел индексі Ресейге тиесілі. Ресей 67,57 ұпаймен жалпы есепте 66-шы орынды иеленді.
Сингапур көш бастады
Рейтиңде Беларусь — 89-орында, Армения — 93-орында, Әзербайжан — 101-орында, Өзбекстан — 134-орында, Қырғызстан — 145-орында, ал Тәжікстан — 160-орында тұр. Бірінші орынды Сингапур иеленді. Индекс 10 негізгі бағыт пен 50 көрсеткіш негізінде жасалған. Бағалау барысында экономикалық әлеует, мемлекеттік басқару сапасы, ішкі және сыртқы саясат, инвестициялық тартымдылық, инновация және технологиялардың дамуы ескерілген, — делінген хабарламада.
Зерттеу авторларының пікірінше, әлемде сенім, тиімді басқару, инновация және ұзақ мерзімді халықаралық серіктестік орната білу қабілеті ерекше маңызға ие.

