Басты бет Жаңалықтар Мұсылмандарға арналған жолнұсқа іске қосылды

Мұсылмандарға арналған жолнұсқа іске қосылды

Мобильді қосымша Астана аумағындағы мешіттердің, намазханалардың, тегін ауызашар жасаудың орналасқан жерлерін және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік береді.

Фото: Ummet.kz

«iMuslimAstana» деп аталатын қосымшада Рамазан айы бойы әкімшілік тарапынан қамтамасыз етілетін тегін автобустардың бағыттары орналастырылған. Ал, намазды бірлесіп оқуға мүмкіндік беретін ерекшелігі қосымша қызметтердің бірі болып табылады. Бүгінгі күннен бастап «iMuslimAstana» жобасын андроид бағдарламасында жұмыс істейтін смартфондар үшін Playmarket қосымшасынан жүктеуге мүмкіндік бар.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптадан кейін бұл қосымша iOS бағдарламасында жұмыс жасайтын нұсқасы AppStore-да пайда болады.

iMuslimAstana қосымшасының сілтемесі: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.imuslim

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version