Басты бет Жаңалықтар ҚМДБ паранжа мен қара киім киюге қатысты пікір білдірді

ҚМДБ паранжа мен қара киім киюге қатысты пікір білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қара киім және паранжаға қатысты пікір білдірді.

Басқарма өкілдері ҚМДБ-ның осыған дейін бірнеше рет діни киім мәселесінде өзінің ресми ұстанымын жариялағанын айтады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде шариғат талаптарын сақтай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескеріп, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Ал паранжа (ниқаб) мен қара киім кию — салтымызға қайшы, бұл ата-бабаларымыздың жолы емес», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ діни басқарма өкілдері мұсылман жамағатын сақал қоюда оның жарасымына аса мән беруге шақырды.

Айта кетейік, кеше, 19 сәуірде Астанада өткен ІІ республикалық имамдар форумында ҚМДБ-ның «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі — Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты ұстанымы жарияланған еді. Сондай-ақ, кеше, 19 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев ҚМДБ өкілдерімен кездесуінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтып, мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version