Не болды?
Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағында әуежай ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, «Кендірлі» демалыс аймағында жаңа әуежай ашылады. Аумағы — 599 гектар. Әуежай Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 13 км қашықтықта салынып жатыр. Жоба құны — 56,9 миллиард теңге.
Құрылыс алаңында 215 жұмысшы мен 122 техника жұмыс істеп жатыр. Қазір 32% жоспар орындалды. Әуежай биылғы жылдың IV тоқсанында ашылады. Халықаралық бағыт пен ішкі бағытта тоғыз жаңа рейс ашуды жоспарлап отырмыз — дейді Мағыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматы әуежайындағы созылған құрылыс жұмысы сынға ұшырады.

