Не болды?
Биыл авиация саласына 586 грант бөлінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың үкімет отырысындағы сөзіне қарағанда, кейінгі жылдары азаматтық авиация саласына бөлінген мемлекеттік грант саны артып келеді. Мысалы 2022–2023 оқу жылына 380 грант, ал 2025–2026 оқу жылына 586 грант бөлінген.
Ұшақта жолаушылар мен жүк тасымалы артып, халықаралық қауіпсіздік талабы күшейіп жатыр. Сондықтан авиация саласында білікті мамандарға сұраныс көп.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстанда ТМД елдері бойынша алғашқы автомобиль мен авиация отынын (SAF – Sustainable Aviation Fuel) өндіретін зауыт салынады.

