Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Кезекті бірлескен отырыс 20 мамыр күні сағат 10.00-де өтеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған өкім мәтінінде.
Айта кетейік, бұған дейінгі бірлескен отырыс 15 мамырда өткен болатын.

