Шығыс Қазақстан облысында прокуратура 2 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтаған.
Тексеру нәтижесінде жалға алушылардың шаруа және фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелерін бір жыл бойы мақсатты түрде пайдаланбағаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 гектар, кадастрлық құны 17,7 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Жер ресурстарын нысаналы пайдалану мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауынып жатыр, — делінген прокуратура хабарламасында.

