Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді. гуманитарлық жүк Иранның Қызыл жарты ай қоғамына табысталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Үкімет қаулысы бойынша, гуманитарлық жүкті жөнелтуді Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі және KazAID халықаралық даму агенттігі бірлесіп ұйымдастырған.
Көмек құрамына азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек кірген.

