Канн фестиваліндегі «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін швед режиссері Рубен Эстлунд «Квадрат» картинасымен жеңіп алды.
Гран-При «120 ударов в минуту» картинасын түсірген француз Робен Кампийоға бұйырды.
Ал «Роковое искушение» фильмін түсірген София Коппола үздік режиссер атанды.
Үздік сценарий жүлдесі «Убийство Священного оленя» фильмін түсірген грек Йоргос Лантимосқа және «Ты никогда здесь не был» картинасының авторы шотланд Линн Рэмсиге бұйырды.
Қазылар алқасының жүлдесін «Нелюбовь» картинасын түсірген режиссер Андрей Звягинцев алды.
Үздік әйел рөлі атағына Фатих Акиннің «Из ниоткуда» фильмінде түскен Диана Крюгер алды.
Канн кинофестивалінің қазылар алқасының шешімі бойынша үздік актер Хоакин Феникс болды. Ол «Ты никогда здесь не был» фильмінде детективтің рөлінде ойнады.