11 мамыр күні әлеуметтік желіде Нұрғали Нұғман деген азамат бала кезде зорлық көргенін баяндап, видео жүктеді. Видео 2 миллионнан астам рет қаралған. Нұрғали Нұғманның сөзіне қарағанда, оны бала кезде продюсер көкесі зорлаған. Ол көкесі «Балапан» телеарнасының продюсері болғанын айтты.
«Балапан» телеарнасы осы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Көкем кабинетіне шақырып, зорлап тастады»
11 мамырда Нұрғали Нұғман Іnstagram парақшасында зорлық жайлы оқиғасын баяндап, видео жариялады. Оның сөзіне қарағанда, көкесі «Балапан» телеарнасының продюсері болған. Ол сол аралықта көкесінің көмегі арқылы фильм кастиңінен өтіп, бас рөлдерді сомдаған. Нұрғалидің айтуынша, ол көкесімен жақын араласпаған, тек бала күнінде үйіне қонаққа келетін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Күндердің бір күнінде түсірілім алаңынан қайтар кезде көкем мені құшақтап, «Нұрғали, сен менің туған баламдайсың» деп айтты. Бәрі көлікпен үйге қайтты, ал мені көкем кабинетіне шақырып, зорлап тастады, — дейді Нұрғали Нұғман.
«Балапан» телеарнасының штатында ер адам продюсер болмаған
«Балапан» телеарнасының мәлімдемесі бойынша, 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Балапан» телеарнасының штатында ер адам продюсер болып қызмет атқармаған. Телеарна ұжымы азаматтарға тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйену керек екенін ескертті.
«Оқиғамды сұхбатта айтып беремін»
12 мамырда Нұрғали Нұғман «Балапан» телеарнасы мен «Балапан» деген коммерциялық жобаны шатастырып алғанын айтып, телеарна ұжымынан кешірім сұрады.
Егер мені сұхбатқа шақырсаңыздар, оқиғаны толық айтып бере аламын. Бұл ақиқатты көлеңкеде қалдырғым келмейді. Қазір елімізде осындай мәселе өте көп. Сіздерден қолдау күтемін. Сіздер де ұл-қыз өсіріп отырсыздар. Мен жасаған қатені олар қайталамаса екен деген ниет қана, — дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Контент маманы Асанәлі Құрманғазы (ase.kento) Іnstagram парақшасындағы сторисінде Нұрғали Нұғманның видеосы бір күнде 529 мың рет қаралып, резонанс болғанын айтты. Асанәлі блог жүргізу жайлы кеңес беріп, контент маманы болып жұмыс істейді.

