Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Өскемендегі жарылыс: тағы бір қызметкер қайтыс болды

Фото: ТЖМ
Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір қызметкер ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компанияның мәліметі бойынша, Өскемен металлургия алаңында болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі дәрігерлердің көмегіне қарамастан қайтыс болған.

Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Компания марқұмның отбасына және барлық қызметкерімізге қажет қолдау көрсетеді, – делінген компания хабарламасында.

Қазіргі уақытта жарылысқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Компания мәліметінше, металлургия кешеніндегі мырыш және қорғасын зауыттарының өндірістік жұмыстары әзірге төмен қуатта жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 5 мамырда Өскемендегі «Қазцинк» зауытының бір цехында жарылыс болды.  Апат салдарынан екі адам қаза болып, тағы бес адам жарақат алған.