Басты бет / Жаңалықтар /
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Түркістан
Фото: Аzretsultan.kz

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі уақытша жабылады

Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне байланысты бірқатар мәдени нысандардың жұмысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музей-қорыққа қарасты барлық музейлер 14–15 мамыр күндері келушілер үшін жабық болады.

Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы әкімшілігінің мәліметінше, аталған күндері Ticketon және «Давай Сходим» платформалары арқылы онлайн билет сатып алуға да уақытша шектеу қойылған.

Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген ресми хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok