Басты бет Жаңалықтар Ең қауіпті әлеуметтік желілер рейтингі жасалды

Ең қауіпті әлеуметтік желілер рейтингі жасалды

RSPH британдық медициналық ұйымының зерттеушілері әлеуметтік желілер мен медианың жеткіншектердің денсаулығына психикалық әсерін зерттеді.

Көрнекі сурет

Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде сарапшылар қандай әлеуметтік желілердің зиянсыз және қайсылары кері ықпал ететінін анықтады.

Сонымен, жас жеткіншектердің психикасы үшін «достық қалып танытатын» әлеуметтік желі – YouTube деп танылды. Бұдан кейінгі орындарды Facebook және Twitter өзара бөліседі. Үздік бестікті Snapchat пен Instagram қорытындылайды. Бұл ретте, Instagram ең «жағымсыз» әсер ететін желі деп танылды.

Сарапшылардың пікірі бойынша, соңғы аталған екі әлеуметтік желі жастардың бойында үрей-қорқыныш пен торығу-жабығу сезімдерін тудыруға бейім болып келеді.

RSPH басшысы Ширли Крамердің айтуынша, әлеуметтік желілер адамдардың алкоголь құмарлығы пен темекіге әуестігі секілді тәуелділікке алып келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version