Басты бет Жаңалықтар Twitter жаңалық тарататын телеарнасын іске қоспақшы

Twitter жаңалық тарататын телеарнасын іске қоспақшы

Twitter тәулік бойы жаңалық тарататын телеарнасын іске қосуды қолға алды.

Twitter Bloomberg Media-мен бірлесіп тәулік бойы жаңалықтар тарататын телеарнаны іске қосуды жоспарлап жатыр. Жоба әлеуметтік желіде онлайн-телеарна түрінде жүзеге асатын болады. Телеарна осы күзде қосылуы мүмкін. Атауы қойылмаған аталмыш арна әлемнің түкпір-түкпіріндегі өз жаңалықтарын тікелей таратып, Twitter қолданушыларының тексерілген видеоларын көрсететін болады.

Bloomberg Media атқарушы директоры Джастин Смит (Justin Smith) атап өткендей, көпшілік қауым жаңалықтарды телеарналардан тамашалап, болған оқиғаны әлеуметтік желілерде талқылайды. Ал, бұл компаниялар осы іс-әрекеттерді бір желіде біріктірмекші.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version