Фильмде Шығыс пен Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағдарларының түйіскен тұсында әлемдік деңгейдегі ірі дистрибуциялық орталық дамып келеді.
«Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан Құрғақ порт Азия мен Еуропаға шығатын транзиттік пойыздарды өңдеуден өткізеді»,-дейді фильмнің продюсер Д. Уэльс.
Деректі фильмді түсіру тобы Нұркент селосының жергілікті тұрғындарының тағдыры туралы қызықты материал әзірлеген. Бұл жоба Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының бастамасымен жүзеге асырылуда. Негізгі инвестициялық нысандардың құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Фильм «ВВС Worldwide» бағдарламасы арқылы сегіз тілде беріліп, аптасына әлемнің 74 миллион көрерменін қамтымақ.
Айта кетейік, қазақстандық көрермендер деректі фильмді 27 мамырда тамашалайтын болады.