Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Енді банктер ақшаңызды рұқсатсыз шешіп ала алады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Ұлттық банк қолма-қолсыз төлемдер ережесін жаңартты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Енді банк шот ашып жатқан азаматқа биометриялық сәйкестендіру қолданады. Шот пен қаржылық операцияларға бақылау күшейеді. Банктерге шоттарды бұғаттау мен тыйым салу кезінде жедел әрекет ету міндеттеледі. Мемлекеттік органдарға ақпарат беру мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Заңды негізі болса (сот шешімі, салық органдары немесе атқарушылық іс жүргізу аясында), банк клиенттің келісімінсіз-ақ шоттан қаражатты шешіп ала алады.

Өзгеріс қашан күшіне енеді?

Банктік үзінді көшірмелерде енді тек ақша кірісі мен шығыны емес, шоттағы шектеулер, тыйымдар және орындалмаған талаптар да көрсетілуге тиіс.

Жаңа қаулы сәуір айының соңында күшіне енеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, мектеп бітіру кешіне ақша жинауға тыйым салынды.

Exit mobile version