Басты бет Жаңалықтар Рамазан айында қайыр сұрауға тыйым салынды

Рамазан айында қайыр сұрауға тыйым салынды

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Дубай қаласының полиция қызметі көшедегі қайыршыларға садақа бермеу жайында үндеу жариялап отыр. Үндеуде Ислам дінінің садақа беруге, жақсылық жасауға шақыратынын айта келіп, бұл үшін арнайы басқа жолдар бар екенін ескертеді

Дубай қаласының полиция төрағасы, генерал-майор Омар әли Мухайри көшеде қайыр сұрап жүретіндердің көбісі алаяқтар және қылмыстық топтарға қатысы бар жандар екенін атап өтті. Оларға берілген садақаның зұлымдық істерге жұмсалатынын да ескертеді.

«Полиция қызметкерлері осы бір келеңсіз жағдайды тоқтатқысы келеді. Біздер өздерін қайыршы етіп көрсетіп, оңай жолмен пайда тапқысы келетіндерге қарсы күрес шараларын жүргізіп келеміз, жүргізе де береміз. Бұған қоса, қала тұрғындарынан да жауапкершілікпен қарауын сұраймыз», – делінген мәлімдемеде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version