Басты бет Жаңалықтар Дубайда демалатындарға арналған 7 ереже

Дубайда демалатындарға арналған 7 ереже

Дубайлық муниципалитет әмірліктің аумағындағы жағажайда демалушылар үшін нұсқаулық - бұзуға болмайтын 7 ереже шығарды.

«Жағажайда бұрынғыша от жағып, рұқсат етілмеген сауда-саттықпен айналысуға, адамдарды суретке түсіруге болмайды. Сондай-ақ, Дубай билігі барлық шомылушыларға жеке заттарына абай болып, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тағы бір ереже: жағажайда тек жергілікті дәстүрге сай киіммен жүру керек. Киім үлгісі нақтыланбаған», — деп жазды ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Жағажайдан тыс жерлерде шомылу киімімен жүруге тыйым салынған. Сонымен қатар, жағайжайда түнде қалуға болмайды — бұл түнде жұлдыз тамашалауды жақсы көретіндерге арналған ереже.

Ережені бұзғандарға қолданылатын жаза туралы хабарланбаған. Бірақ, оның пайымдауынша, ережені бұзғандарды айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version