Ұлттық банк жаңа заң жобасын жариялады

Жаңа редакциядағы заң Қазақстан заңнамасын экономикалық ортаның, оның ішінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі нәтижесінде, өзгеруіне бейімдеу мақсатында қабылданған.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы шетелдік ұйымдардың филиалдарының қазақстандық нарыққа көптеп келуіне септігін тигізері сөзсіз. Осындай қарқынды дамып келе жатқан нарық жағдайында валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынастарды реттеу мәселесі өте өзекті болады. Заң осы мақсатта қабылданды. Заң жобасын қабылдау трансшекаралық капитал қозғалысының статистикалық мониторингін жақсартуға, валюталық реттеу режимдерінің негізгі рәсімдерін оңтайландыруға, кәсіпкерлік қызмет пен халықтың операцияларында, сондай-ақ макроэкономикалық деңгейде де жүзеге асатын қолма-қол ақшасыз және қолма-қол конверсиялық операциялардың тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, заң жобасында либералды валюталық режимнің қағидаттары және валюталық реттеудің қолданыстағы ақпараттық құралдары сақталған. Сондықтан, заң жобасын қабылдау бизнестің дамуына кедергі келтірмейді.

ДереккөзInform.kz