Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда туризм қарқынды дамып, экономикаға түсетін табыс артты

Фото: Алматы әкімдігі
Туризм Алматыға 110 миллиард теңгеден астам табыс пен 200 миллиард теңгеге жуық инвестиция әкелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, туризм мегаполис экономикасындағы үлесін арттырып, негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Инвестиция 40%-ға жуық өсті

2025 жылы көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 15,2% артып, 110,9 миллиард теңгеге жетті. Салаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 198,8 миллиард теңге болып, 39,4% өсті. Инвестицияның басым бөлігі қалааралық жолаушылар теміржол тасымалына, өнер, ойын-сауық және демалыс саласына, жолаушыларды құрлықпен және әуе көлігімен тасымалдауға, орналастыру және тамақтандыру қызметтеріне, сонымен қатар жеңіл автокөліктерді жалға беру мен лизиңге бағытталды, — делінген хабарламада.

Алматы қаласы, ауа райы, ауа сапасы, туризм
Фото: Алматы әкімдігі

84 миллиард теңге салық

2025 жылғы қорытынды бойынша туризм саласынан түскен салық түсімі 27,2% өсіп, 84 миллиард теңгеге жетті. Негізгі үлесті қоғамдық тамақтану, спорт, демалыс және ойын-сауық, сонымен қатар уақытша орналастыру қызметтері қамтамасыз етті.

Аталған көрсеткіштер туристік саланың тұрақты дамып келе жатқанын және оның Алматы экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын көрсетеді. Бұл туризмнің қала өсімінің басым бағыттарының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Осыған байланысты туристерді тартуға, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға және шаһарды халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған Алматы қаласы туризм басқармасының кешенді маркетингтік саясатын іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр, — делінген хабарламада.