Компьютеріңізді хакерлер қалай бұзып аша алады?

Check Point компаниясының мамандары компьютерді бұзып аша алуға мүмкіндік беретін танымал видеоойнатқыштарды анықтады.

Зерттеу бойынша, хакерлерге жүйені бақылау үшін қолданушының плеерде ерекше конфигурациясы бар файлды ашқаны жеткілікті екен. IT-мамандар шабуылдың қалай жасалатынын YouTube хостингінде «Сноуден» фильмі арқылы жеткізді. Олар хакерлердің суретті жүктеу процесін қалай қолдана алатынын көрсетті.

Бұл қауіп VLC, Kodi, PopcornTime және Stremio стриминг платформаларында бар. Check Point қазіргі уақытта шамамен 200 миллион видеоплеер мен стримерде қауіп бар деп бағалап отыр.

Қазіргі уақытта VLC және PopcornTime платформаларында бұл ақау жойылды. Kodi имен Stremio осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Мамандар басқа да видеоплеерлерде қауіп болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені Check Point тек танымалдарын ғана тексерген.

ДереккөзTengrinews.kz