Асқар Ұзабаев жаңа фильмге кастинг жариялады

Продюсер Ринат Сафаровтың хабарлауынша, алдағы жоба – XVI ғасырдың батырлары туралы баяндайтын көпсериялы картина.

Кастингте 5 жастан бастап, 80 жасқа дейінгі ер азаматтар мен қыздар, кинода тәжірибелері барлары да, жоқтары да қатысып, бақтарын сынай алады. Ол үшін сауалнамаға өзіңіз туралы мәліметті толығырақ жазып кетесіз: аты-жөні, тегі, бойы мен салмағы, жасы, білетін тілдері, білімі, кинодағы тәжірибесі (толығырақ жазып кету керек). Сауалнамамен бірге өз суретіңізді (бояусыз әрі фильтрсіз) [email protected]  электронды поштасына жібересіз.

Сауалнамалар биылғы жылдың 30-маусымына дейін қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, «567 cinema» компаниясы халық арасында кең танымал болған «Махаббатым жүрегімде», «Тракторшының махаббаты», «Әке» және «Зауре» хикаяларымен жұмыс істеген. Биылғы жылы жарыққа шыққан жобаларының арасында «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетілген «Сүйе білсең» жастар телехикасы болды.

ДереккөзBrod.kz