Басты бет Жаңалықтар Баян Есентаеваның қазақша кітабы қандай болмақ?

Баян Есентаеваның қазақша кітабы қандай болмақ?

Баян Мақсатқызы жақында жарыққа шығатын кітабының мұқабасы мен қазақ тілінде жазылған нұсқасынан үзінді жария етті.

Шілде айында оқырманға жол тартатын кітабы жайлы Баян Мақсатқызы: “Сіздер білмейтін нәрселер жайында жаздым, жақында…” – дейді.

Сондай-ақ кітаптың тек орысша нұсқасы ғана емес, қазақша нұсқасы да көпшілікке ұсынылатын болады.

Бұдан өзге, танымал продюсер өзіне үнемі сын айтатын оқырмандарына жауап берді. Ол өзінде ештеңесі жоқ адамның ғана өзгені қаралауға, даттауға дайын тұратынын сөз етті.

“Ешқашан ештеңе жасамаған адам ғана бірдеңені ойраңдауға құштар болады. Сол сияқты өзіндік “мені” жоқ адам өзгенің атын қаралап, өзінде түгі жоқ адам өзгенікін тартып алуға дайын тұрады. ”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version