Басты бет Жаңалықтар Баян Есентаеваның тойы мамыр айына жоспарланған

Баян Есентаеваның тойы мамыр айына жоспарланған

Әйгілі продюсер мен бизнесменнің тойы осы жылдың мамыр айына белгіленген. Бұл туралы олар Tengrinews.kz порталының тілшісі Әсемгүл Қасеноваға берген сұхбатында айтты.

Фото: Владимир Дмитриев

Белгілі бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов Tengrinews.kz тілшісінің той қашан өтетіні туралы сұрағына, «Біз бұл мәселені шешіп қойғанбыз. Ал достармен, туыстармен дастархан басына жиналуға келсек — меніңше, көктемге қарай. Көктемде, мамырда тойлаймыз деп ойлаймын»,-деп жауап берді.

Ал Баян Мақсатқызы тойдан кейін тегін ауыстырып, Алагөзова болғысы келетінін жасырмады. «Адамдар мен жайлы жай ғана «Баян» деп сөйлемейді. Енді ауыстырғым келеді, себебі мен Есентаевтың әйелі емеспін. Енді Алагөзовтің жұбайы болғым келеді. Баян Алагөзова болғым келеді. Ері мен әйелі бір болуы керек. Балалы болып жатсақ, шешесі Есентаева, әкесі Алагөзов болып жүргенімізді қаламаймын»,-деді продюсер.

Баян Есентаева Тұрсынғали Алагөзов
Фото: Владимир Дмитриев

Айта кетейік, бизнесмен әлі бұрынғы әйелімен ажырасу үстінде. Оны Тұрсынғали арадағы мүліктің теңдей бөлінуімен  созылып кеткенін айтады. «Ақпанның соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын. (…) Танысқан адамдардың 99 пайызы некеде болады. Біздің жағдайда да солай болды»,-деді ол.

Баян Есентаеваның айтуынша, олар жұмыс бабымен танысқан. «Құрбым телефон шалып, «Аналар үйі» жайлы сериал түсіргісі келетін меценат жігіттер жайлы айтты. Дым да түсінбедім. Сондықтан бірден келісім бермедім. Маған «өтінемін, жігіттер телефон соғады, Тұрсын деген» деді. Келісім бердім. Осы кезде қоңырау шалынды. Құлаққа жағымды ер адам даусы, әдеппен сөйлесті. Әдеттегідей сағат түскі екіде кездесуге келісім бердім. Бұл өткен жылдың наурызы болатын. Кездесуді түске дейінгі уақытқа қоймайтын едім. Тұрсын көмекшісімен келді. Әңгіме барысында қалай сериал түсіру керек екені жайында кеңес сұрады. Қандай технологияны қолдануға болатынын айтып бердім. Іскерлік кездесу болды»,-дейді продюсер.

Естеріңізде болар, өткен жылдың 10 маусымы күні Баян Есентаева ауыр жарақатпен ауруханға түскен еді. Баянның айтуынша, сол күні Тұрсынғали екеуі бірге келген. Ол туралы Баян: «Иә, шын мәнінде бірге болдық, мұны жасырған да жоқпын, біз өткен жылдың көктемінде таныстық. Мен тұрмыста едім. Бірақ мен тұрмыстағы өмірім жайлы, ажырасқым келгені жайлы осыған дейін де айтқанмын. Мұнда менің жеке өмірім жайлы әңгіме болған жоқ. Іскерлік кездесу болды, ешкімде «іс насырға шабады» деген ой болмады»,-деді.

Ал, журналистің «Оқиға кезінде Баянға неге ара түспедіңіз?» деген сауалына, Тұрсынғали Баянды үйіне жеткізіп салуды ұсынғанын, алайда оның бас тартқанын айтты. «Баян қарсы болып, мен оны таксиге отырғызып жібердім. Бұл оқиға такси жүргізушісінің көзінше болды. Ол бірінші кезекте құқық қорғау органдарына хабарласуы керек еді»,-деді ол.

Осы оқиғадан кейін Баян бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен ажырасып, Бақытбек 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Баянның айтуынша, олар қазір араласпайды. Тек қыздары ғана сөйлесіп тұрады екен.

Фото: Владимир Дмитриев

Сұхбат барысында, Баян өзін ешқашан үлгі деп атамағанын, оның да қателесуге құқы бар екенін алға тартты. «Мәселе маған келгенде мен неліктен қоғам таңып отырған стандарттармен өмір сүруім керек? Мен де қарапайым адаммын. Жақсы көрмеуге де, жақсы көруге де құқым бар. Өзге әйелдерден айырмашылығым жоқ. Өзімді ешқашан үлгі деп атамағанмын. Қоғам болса адал әйел, жақсы ана, адал, батыл, тәртіпті болу керек деген түсініктерді ұстануым керек деп есептейді. Бірақ менің де қателесуге құқығым бар. Ісімнің дұрыс-бұрыстығын ешкім де білмейді. Мен ессіз ұнатып, миымды реттемеген болып шықтым. Алайда кейде сананың жүрекке бағынбайтын сәттері болады, ал мұның алдында бәрі де керісінше еді. Ертеде мен әрбір қадамымды есептеп, ойластыратынмын. Ісімнің барлығы да таразыланатын еді. Ал енді 42 жасымда осындай жағдай болып отыр, өз-өзімді тоқтата алмай, не болып жатқанын да түсіндіре алмайтын жағдай»,-деп түсіндірді ол қазіргі жағдайын.

Продюсер сұхбат арасында Тұрсынғали екеуінің махаббат хикаясын кітабынан тыс қалдырмайтынын айтып қалды.

«Кездейсоқ жағдай емес, әрине, барлық мәлімет ресми түрде мәлімдейміз дегенше жарияланып кетті. Бірақ бұл қауесет болды. Мен басым бос емес, оның әйелі бар, 10 маусымда атышулы оқиға болды. 3-4 ай бойы жұрттың алдына шыға алмадым, осы уақыт бойы шетелде болдық. Әрине, қарым-қатынасымыз жайлы сол кезде айту Тұрсынның әйеліне де, менің бұрынғы күйеуіме де құрметсіздік болар еді. Бірақ енді қауесет тарап кеткен соң, растауды дұрыс деп шештік. Иә, аз ғана уақыт өтті. Бұл үшін де сынап жатыр: «Енді ғана ажырастыңыз, бұл қалай болғаны?» дейтіндер бар. Ажырасқан адам азап көріп, бір-екі жыл қиналуы керек деген ережені қайдан шығардыңыздар. Қоғамның түсініксіз стандарттары. Әркімнің жағдайында әрқалай. (…) Адамдар ережені бұзу үшін ойлап табады. Мен әулие емеспін, басқа адамдар секілді менің де күнәм бар, қателіктерім де, жетістіктерім де бар. Мен онымен оқиғадан кейін таныстым, ал күйеуім мені себепсіз ұрып-соқты» деп өтірік айтқанша, шындықты айтқан дұрыс. Мен ешкімді алдағым келмеді. Мен қандай екенімді айттым, көрсеттім. Өмірімдегі ережелердің бірі — өз-өзіме адал болу. Ал шындық әрқашан ащы. Тұрсын батылдығын менен бұрын көрсетті. «Жасырынғанымыз жетер, «таныс емеспіз» деуді, әуежайдан бөлек шығуды тоқтатамыз» деді. Мен өз кітабымда жазатын махаббат хикаясы болды»,-деді Баян Мақсатқызы.

28 пікір

  1. Баян Есентаева Салеметсизбе. Аузы куйген урлеп ишеди дейди. Неге сиз мамыр айын тандадыныз таным бар. Мен сизге жаным ашыганнан айтып отырмын. Ойланыз.

    • масқар масқара тфа тфа өзімен кетсін көргенсіз

  2. Ты. Басқа Мақсаттары тойларыңызды мамыр айында басқа мына ауыстырыңыздаршы. Мен сізге ризамын. Мықты жансыз. Бақытты болыңыз. Рахмет.

  3. Куйеуинин козине шоп салган десендерши. Бетсиз арсыз катын неме. Балалардын акеси бир гой оны унатпайтын шыгар

  4. вообще экраннан курту керек Баянды, маскара гой……….. Продюсер деп айтуга турмайды ………..Позор

  5. Өте өкінішті! Бақытты күндер әрдайым бола бермиді. Өз бақыт тың ізді бағалай білу керек. Сізді керемет әйел деп білуші ем

  6. Баян оте дурыс жасайсыз мен колдаймын мына айтып жаткан адамдарга барине карсымын аркимнин озинин жеке омири ода ешкимнин жумысы болмауы керек мен тусинбеймин осындай иш тарлык коре алмаушылык ангимелерди осы Баяннын орнында оздериниз болып коринизши куйеуинизден таяк жеп сиз шыдай алар ма единиз ар адам оз бакытымен куресу керек мен озим еки рет турмыста болдым ничего олип жаткан жокпын олда бир Аллах тагаламнын сынау маган мандайыма жазган тагдыры деп билем сол сиякты Баяннын да тагдыры осы екинши турмыс куруы сондыктан баска дени дурыс колдау соз айтсаныз жарасар еди чем кундеп ангиме айтканша ол адам бес куйеуге тиеме аркимнин жеке омиринде не жумысыныз бар сиздин омиринизге биреу араласса кандай боласыз бир гана Баянды коре алмадынызба темболее балдары акелерине карсы болса онда не кереги бар ол куйеудин ози суймесе Баян бас оте дурыс жол тандап жатсыз мен катты колдаймын мен Актау каласынан есимим Саня

  7. Əрине ол адам тағдыры ,қорланып таяқ жегенше алақанында аялайтын еркек артық.

  8. Менде Баян ханымга бакыт тилеймин басында ажырасу жайында ангиме болган да Баян ханым жас жигитпен кездесипти дегенге сенбегем кездесседе ол адам Баян ханымнын бурынгы Киеуиненде лауазымы мыкты Сегиз кырлы бир сырлы болу керек деп ойлагам … Карасаныздар Тандаган болашак жары жап жас бок мурын емес … Нагыз жигиттин гули болып шыкты ештемеде позор емес ар адам оз бакытымен болу кереу ризамын !!! Алла разы болсын !!!!!

  9. Мумкін баяндыкі дұрыс шығар.бірақ мен оны қолдамаймын тапса басы бос еркекке тұрмысқа шықпады ма?біреубің жанұясын бұзды өзінікімен қоса.жанұяның мықты болуы әйел адамға байланысты.қазақ бекер айтпаған мойын қайда бұрылса бас та солай бұрылады.

  10. менде Баянды колдаймын. Бакытты болыңыз. Кінәні тек әйелдерден көрмей еркектерде де бар. Жүрек қаламаса не керегі бар бирге тұрудың.

  11. Бляя.. осындай қатындарды жер қалай көтеріп жүреді екен и осында жазылған осыларды қолдаған пікірлердің барлығы да норма. əйелдердің ісі емес. Өздерін ақтап еркектерге жабатын бар бəлесін бəлеқор қатындар тек. Тфу..тфу.. апама жездем сай деп екі қария баян мен мақсат қарияларша бақытты болыңдар. Ақымақтың жас қариясы болмайды деген

  12. Олаааа сени олтирие салу керек едиго бактыбек 9жылга урганы ушин кетип отыр лучше сени олтирип кету керек еди байынды аймайсынба бетсиз урганы сауап саган олтиру керек сенди катынды биреудин коз жасымен бакытты болганынды корермиз буданда таяак жеп ажыраспа

  13. Маскара биреудин шанырагын бузып отыр озиникимен коса канша адамнын коз жасы сондай адамга бакыт тилеп откан келиншектер мына еркектин айелинин орнында болсандар кайтер единдер басы бос еркек болса бирсари али ажырараган озиде ажыраспай жатып жургенго котин берип мал екен

  14. Казакта байы тири болып баска еркектин кушагына киру казак кыздарына тан епес касиет , еркекпен айелде махаббат болады арине бирак жай бир тастап кете салу отагасын, балаларын ол бир пасык аналык сезими жок жандар тас журек олардын бойында мейиримдилик касиет жойылган

  15. «Зина» жасау ең ауыр күнə дейді ғой. Өкінішті ақ…..Əрине, əркім өз күнəсін өзі арқалайды жəне ең сорақысы ұрпағын да сорлатады. Нəпсінің құлы болмай, қателік жасамай өмір сүруді тілейікші бір-бірімізге.

  16. Бул оте киын жагдай бұндай әиелденде бұндай қызданда Алла өзі сақтасын ертең тағыда наурыз айы келеді солкезде тағы биреу әдепті сөйлесе ажырасып тағы күйеуге шығама сонда.

  17. Баянды уятсыз деп айтып жаткан адамдарга айткым келеди,аркимнин оз омири бар. Жане ол бирак рет бериледи. Сол омирде суйген адаминмен болудын неси жаман.

  18. уят ай.кырыктан аскан катын биреудин байын тартып алды.не сумдык ол. ертен кызын да сендей болады Баян .ойлан.Сендей казактын катыны суйекке танба емес пе?бирак уялатын адам сиякты емес кой бул айел.билгенинди исте.жазасыз калмассын.алдында не кутип турганын кайдан билесин.саган акыл айтар ананнын.туысыннын болмаганы окиништи ак…

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version