Атырау облысында полицейлерді соққыға жықты деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Облыстық ПД мәліметінше, Мақат ауданында мас адамдар қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне агрессивті түрде қарсылық көрсетіп, күш қолданған.
Оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы ұсталып, қамауға алынды, — делінген хабарламада.
Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
