Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Өзбекстанда көлік, алкоголь, темекіні қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынды

Фото: Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі

Не болды?

1 сәуірден бастап Өзбекстанда тұрғын үй, көлік, алкоголь және темекіні қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Жаңа жарлық бойынша, азаматтар бірқатар тауар мен қызмет үшін электрон немесе карта арқылы есеп айырысуға міндетті. Жарлық шамамен 28 мың тауар түріне жүреді. Бұл — мемлекет айналымындағы барлық тауардың, шамамен 7%-ы.

Негізгі мақсат — елдегі «қадағаланбайтын экономика» мөлшерін азайту. Оған қоса, сауда және қызмет көрсету саласындағы қолма-қолсыз төлем үлесін кемі 75%-ға жеткізу.

Өзбек халқы 1 сәуірден бастап дүкен кассасында мына тауарларды қолма-қол ақшамен сатып ала алмайды:

  • ішімдік пен темекінің, шамамен 22 мың түрін;
  • жанармай құю бекетінде: мұнай-газ өнімдерін сатып алу және электромобильдерді қуаттағанда;
  • құны 25 млн сумнан асатын тауар мен қызмет сатып алғанда;
  • көлік және тұрғын үй: 561 түрлі жылжымайтын мүлік пен көлік құралын сатып алғанда (10 жылдан аспаған);
  • 56 түрлі мемлекеттік қызмет сатып алғанда.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстандағы қандастардың басым бөлігі Өзбекстан мен Қытайдан келген.

Exit mobile version