Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

СІМ Мысырға қатысты шектеуді алып тастады

Фото: Сыртқы істер министрлігі
ҚР сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасының баруға ұсынылмайтын мемлекеттер тізімінен шығарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сонымен қатар азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды.

Сонымен қатар Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де шиеленісті болып қалуына, сонымен бірге өңірдің бірқатар мемлекетінде әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуына байланысты ҚР сыртқы істер министрлігі келесі елдерге жағдайдың толық тұрақтануына дейін сапарлардан бас тарту жөніндегі ұсынымдарын сақтайды: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Оман және Сирия, — делінген СІМ хабарламасында.

Өңірде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, ықтимал қауіпті аймақтарға барудан бас тарту, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға (қорғаныс орындарына) бару, сонымен бірге Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігі тағы еске салынады.