Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Енді науқастың жағдайын онлайн бақылауға болады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Енді Қазақстан азаматтары ауруханада жатқан жақындарының жағдайын қашықтан бақылай алады. Онлайн-жүйе арқылы науқастың бөлімше, жансақтау бөлімінде, ота залында екенін немесе басқа бөлімшеге ауыстырылғаны жөнінде ақпарат білуге болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттардың сауалына берген жауабында айтылған. Жаңа цифрлық жүйе бірнеше өңірде пилоттық жоба ретінде жұмыс істей бастаған.

Пилоттық жобаны кей өңірлердегі медициналық ұйымдарда қолдану жоспарланып отыр. Нәтиже бағаланып, кейін республикалық деңгейде кеңейтіледі, − деп жазылған ресми жауапта.

Олжас Бектеновтің айтуынша, осыған ұқсас қызметтің бір бөлігі Damumed мобайл қолданбасында қазір де бар. Егер науқас жансақтау бөлімшесіне түсіп қалса, дәрігердің бастамасымен оның туыстарына хабарлама жеткізіледі.

Exit mobile version