Не болды?
QS World University Rankings by Subject 2026 әлемнің үздік университеттерінің 16-шығарылымы жарияланды. 2026 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өз тарихи рекордын орнатты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратына қарағанда, сараптаманы QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдамалық агенттігі жасаған. Қазақстан бұл тізімде 41-орынға жайғасты.
QS пәндік рейтиңі 100 ел мен 1900 университет ұсынатын 21 000-нан астам білім беру бағдарламасына жүргізілген салыстырмалы талдауға негізделген. Ол 55 пәнді қамтиды. Соның ішінде мына бес бағытқа ерекше назар аударылған:
- «өнер және гуманитарлық ғылымдар»;
- «инженерия және технологиялар»;
- «өмір туралы ғылымдар және медицина»;
- «жаратылыстану ғылымдары»;
- «әлеуметтік ғылымдар және менеджмент».
Қазақстан Орталық Азиядағы пәндік рейтиңде топ-100 тізіміне енген жалғыз ел. Өңірдегі жоғары білім беру тарихындағы ең жоғары нәтиже тек Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті үшін емес, бүкіл ұлттық жоғары білім беру жүйесі үшін маңызды жетістік. Қазақстанның пәндік рейтиңдер сараптамасына қатысуы 13 университетке дейін өсті. Олар 27 пән бойынша 70 позицияға ие болды. Бұл – ел үшін рекордтық көрсеткіш, – деді QS ұйымының өңірлік директоры Сергей Христолюбов.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының негізгі нәтижелері
- Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Орталық Азия жоғары оқу орындары арасындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, «Білім беру және оқыту» бағыты бойынша әлемде 41-орынды иеленіп, жаһандық рейтиңнің топ-50 қатарына енді.
- Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы алғаш рет «Орындаушылық өнер» бағыты бойынша топ-100 тізіміне кірді.
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті төрт салалық, 23 пәндік рейтиңде ұсынылып, пәндік рейтиңдердегі көрсеткіштер саны бойынша елдегі оқу орындарының көш басына орналасты. Одан кейін бір салалық және 15 пәндік рейтиңде қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет үшінші орын алды.
- Satbayev University 2026 жылғы пәндік рейтиңдердегі жаңа позициялар саны бойынша елде екінші орынды иеленді.
- Қазақстандық университеттер «Бухгалтерлік есеп және қаржы», «Биологиялық ғылымдар», «Қоршаған орта туралы ғылымдар» және «Материалтану» бағыттары бойынша пәндік рейтиңдерде алғаш рет қатысты.

