2017 жылғы Рамазан айының барлық облыстар бойынша кестесі (Фото)

Биыл, яғни 2017 жылы мұсылмандық күнтізбе бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.

Ескерту:

1. Қасиетті «Қадір түні» маусымның 21-інен 22-іне қараған түні.

2. Сәресiн iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен ашуға болады.

4. Тарауық намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

5. Пiтiр-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 300 теңге.

6. 25 маусым (жексенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады.

7. Оразаға ниет: Алла тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

8.  Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

1. Астана қаласы

Астана қаласы

2. Алматы қаласы

Алматы қаласы, Рамазан кесте

3. Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысы, Рамазан, кесте

4. Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы, Рамазан кесте

5. Атырау облысы

Атырау, Рамазан кесте

6. Қарағанды облысы

Қарағанды облысы, Рамазан кесте

7. Ақтөбе облысы

Қандыағаш қаласы, Рамазан кесте

8. Қарағанды қаласы

Қарағанды қаласы, Рамазан кестесі

9. Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Рамазан кесте

10. Ақмола облысы

Ақмола облысы, Рамазан кестесі

11. Қостанай қаласы

Қостанай қаласы, Рамазан кесте

12. Қызылорда қаласы

Қызылорда, Рамазан кесте

13. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер қаласы

Ленгер, Рамазан Кестесі

14. БҚО

БҚО, Рамазан кестесі

15. ШҚО

Өскемен, Рамазан кестесі

16. Павлодар қаласы

Павлодар қаласы, Рамазан кестесі

17. СҚО

Петропавл, Рамазан кестесі

18. ШҚО

Семей қаласы, Рамазан кестесі

19. Алматы облысы

Талдықорған, Рамазан кестесі

20. Жамбыл облысы

Тараз, Рамазан кестесі

21. Шымкент қаласы

Шымкент, Рамазан кестесі

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты өтіп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы БАҚ өкілдеріне Рамазан айына дайындық барысы мен ораза туралы түсінік берді. «Биылғы ораза күннің ең ұзарған сәтіне сәйкес келіп отыр. Таңның атуы мен күннің батуы 18-19 сағатқа дейін созылады. Алайда күннің ұзақтығы мен күннің аптап ыстығы отандастарымыздың ораза ұстауына кедергі келтірмейді деп сенеміз. Өйткені, рамазан — жылына бір рет келетін, сауаптар еселеніп жазылатын берекелі, қасиетті ай. Мұсылман баласы мұндай мүмкіндіктер айын жіберіп алмауға тырысады», — деді Ержан қажы Малғажыұлы.

ДереккөзInform.kz