Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялаған. Қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан», – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шеккен. Олардың қатарында бес полиция қызметкері бар. Өрт 40 шаршы мерт аумаққа тараған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
