24 Мамыр: Бүгін қандай күн?

Халықаралық қорықтар күні

Жыл сайын Халықаралық табиғатты қорғау одағының бастамасымен аталып өтіледі. Қорықтар -табиғаттың жаратылысын және оның барлық түрлерін өзгеріссіз сол қалпында сақтайтын аумақ бөлігі немесе акватория.

Славян жазуы мен мәдениеті күні

Бұл мейрам славян халқының алғашқы ұстаздарының қасиетті тең апостолы ағайындылар Кирилл мен Мефодий (ІХ ғ.) құрметіне арналған. Қазіргі Ресей күнтізбесіндегі екінші мемлекеттік-шіркеулік мейрамы (Рождестводан кейін). Мейрамның шығу тарихы шіркеу дәстүрлерінен тарайды, Х-ХІ ғасырларда Болгарияда болған. Қасиетті ағайындылар құрметіне арналған мейрамды атап өту өткен заманда да барлық славян халықтарында өз орны болған, содан кейін тарихи және саяси жағдайлардың ықпалымен өзінің мағынасын жоғалтты. ХІХ ғасырдың басында славян халқының жаңғыртылуы мен славяндардың алғашқы ұстазының ойы да өзгерді. 1863 жылы мамырдың 11-і (мамырдың 24-і жаңа түрде) орыс жеріндегі қасиетті Кирилл мен Мефодийдің құрметіне арналған мейрамды тойлауға үкім шығарды.

Еуропалық Саябақтардың күні. 

Еуропалық ұлттық және табиғи саябақтар федерациясы жариялаған.  Аталмыш еуропалық ұйым Еуропаның 36 еліндегі қорғалатын табиғи аймақты біріктіреді. Ең алғашқы рет 1999 жылы өткізілген бұл күн енді бүкіл Еуропада жыл сайын мамырдың 24-інде мерекеленеді. Эритреяның Тәуелсіздік күні 1993 жылы 24 мамырда Эритрея Эфиопиядан тәуелсіздігін алды.